Салықтарды кейінге қалдыр

Салықтарды кейінге қалдыр

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің мүлікті (жылжымалы, жылжымайтын) немесе банктік кепілдікті кепілге салықтар бойынша кейінге қалдыруға немесе бөліп төлеуге құқығы бар екенін хабарлайды.
- кейінге қалдыру салықты төлеу мерзімін 6 айға дейін ауыстыруға, ал бөліп төлеу қарызды кезең-кезеңімен 3 жылға дейін төлеуге мүмкіндік береді.
Уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған салық төлеушілер кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу құқығын ала алады
Сондай-ақ, 2025 жылғы 18 шілдедегі Жаңа Салық кодексінің нормаларын іске асыру мақсатында 2026 жылдан бастап кейінге қалдыру және бөліп төлеу рәсімін жеңілдетуге мүмкіндік беретін жоба әзірленгенін хабарлаймыз.
Қандай өзгерістер бар?
* 1500 АЕК дейінгі берешегі бар салық төлеушілер үшін мүлік кепілінсіз және банктік кепілдіксіз бөліп төлеу мүмкіндігі
* Кепіл мүлкіне міндетті бағалау жүргізу және оны сақтандыру алынып тасталады.
* Өтініштерді қарау және бөліп төлеу мерзімдерін қысқарту.