2025 жылғы 12 қыркүйекте Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің тергеу изоляторына барды.Іс-шара Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өткізілді және құқық бұзушылықтардың алдын алуға, құқықтық мәдениетті арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталды.