Сән-салтанат салығы: түсіндірме
Жаңа Салық кодексінде жеке «сән-салтанат салығы» көзделмеген.
Сонымен қатар, жеке тұлғалардың жекелеген мүлік санаттарына салық салу нормалары бекітілген:
құны 18 000 АЕК-тен жоғары автокөліктер – сатып алу құнының 10%-ы мөлшерінде акциз салынады;
құны 24 000 АЕК-тен жоғары яхталар мен ұшақтар – сатып алу құнының 10%-ы мөлшерінде акциз салынады;
құны 500 000 теңгеден асатын алкоголь өнімдері – литріне құнның 10%-ы мөлшерінде акциз салынады;
құны 10 000 теңгеден жоғары темекі бұйымдары (сигаралар) – бір данасына құнның 10%-ы мөлшерінде акциз салынады;
құнының жиынтығы 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік – мүлік салығы жиынтық құнының 2%-ы мөлшерінде есептеледі.
Егер бір тұлғаның мүліктерінің жалпы құны 450 млн теңгеден асса, салық жалпы құннан 2% мөлшерлемесі бойынша есептеледі (салық сомасы – 2 946 600 теңге + 450 млн теңгеден асатын сомаға 2%).
Жалпы құны көрсетілген шектен төмен мүліктерге салық әр объектінің құнына жеке-жеке салынады.
#ҚМДҚостанай #салық #Салықкодексі #мүліксалығы