Салық төлеушілерге арналған жаңа Салық кодексі бойынша семинар

Салық төлеушілерге арналған жаңа Салық кодексі бойынша семинар

Бүгін Қостанай облысы бойынша «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында салық төлеушілерге арналған түсіндіру семинары өтті.
Спикер – Жұмабай Шынар, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы – қатысушыларға енгізілетін өзгерістерді жан-жақты түсіндіріп берді.
Қымбат мүлікті салық салу («байлық салығы» деп аталатын өзгерістер)
Жаңа Кодексте жеке «байлық салығы» енгізілмейді. Дегенмен, мүлік салығы мен көлік салығы аясында қосымша мөлшерлемелер қарастырылған:
белгілі бір шектен жоғары кадастрлық құны бар тұрғын үйлер, пәтерлер және өзге де жылжымайтын мүлік;
үлкен қозғалтқыш көлемі бар және құны белгіленген деңгейден асатын жеңіл автокөліктер.
Яғни, «байлық салығы» деп аталатын түсінік – бұл қолданыстағы салықтар құрамындағы қосымша элементтер, салықтық жүктемені әділ бөлуге бағытталған.
Мүлік салығы
Ставкалар кадастрлық құнға байланысты нақтыланды. Мүлік құны қаншалықты жоғары болса, салық мөлшерлемесі де соғұрлым жоғары болады. Әлеуметтік осал топтарға жеңілдіктер қарастырылған.
Жер салығы
Жердің кадастрлық бағалауының рөлі күшейтілді. Ставкалар жер телімінің нысаналы мақсаты мен пайдалануына байланысты айқындалады. Пайдаланылмай жатқан жер учаскелеріне – оларды айналымға енгізуді ынталандыратын жоғарылатылған коэффициенттер қолданылады.
Көлік салығы
Қозғалтқыш көлемі үлкен әрі құны жоғары автокөліктер үшін салық мөлшерлемелері арттырылды. Сонымен қатар, экологиялық таза көліктерге (электромобильдер мен гибридтерге) жеңілдіктер көзделген.
Семинар ашық диалог форматында өтті: салық төлеушілер сұрақтарын қойып, жаңа ережелерге дайындық бойынша нақты ұсыныстар алды.
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жаңа Салық кодексінің нормалары туралы түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыратын болады.