Әдеп: кәсіпкерліктегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 16-бабы кәсіпкерлік субъектілері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қабылдауға міндетті шараларды белгілейді:
рәсімдердің ашықтығы және шешім қабылдаудағы есептілік;
адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау;
мүдделер қақтығысының алдын алу;
іскерлік этика нормаларын ұстану;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде мемлекеттік органдармен ынтымақтастық.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі құрылады немесе жауапты тұлға тағайындалады, ол:
атқарушы органнан тәуелсіз әрекет етеді;
директорлар кеңесіне немесе өзге тәуелсіз басқару органына есеп береді;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді.
Мұндай қызметтерді жекеменшік компаниялар да құра алады.
Адалдық — сенім мен тұрақты бизнестің негізі!