Жаңа оқу жылының қарсаңында Лисаков қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясына қатысты.
Шараның мақсаты – оқу жылына
дайындық барысында көмекке мұқтаж балаларды қолдау.
Акция аясында 7-сынып оқушысына қажетті оқу құралдары мен материалдар табысталды. Бұл оған жаңа оқу жылын сәтті бастауға мүмкіндік береді.
Осындай игі бастамалар сапалы білім алуға жағдай жасауға, көмекке зәру отбасыларды қолдауға, сондай-ақ болашақ ұрпаққа қамқорлық пен өзара жәрдемдесу құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.