Жалпыға бірдей декларациялау

Жалпыға бірдей декларациялау

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап (4-кезең) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны келесі тұлғалар тапсыруға міндетті:
1. Қазақстан Республикасының азаматтары және резиденттері, шетелде мүлкі барлар, соның ішінде:
-жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, жер телімдері;
-шетелдік компаниялардағы қатысу үлесі;
-шетелдік банктердегі шоттардағы ақша қаражаты, егер жиынтығы 1000 АЕК-тен асса (2024 ж. 3 692 000 тг.);
-инвестициялық алтын;
-тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу;
-бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (эмитенті шетелде тіркелген);
-шетелдік брокерлік шоттардағы ақша;
-зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқық;
-басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы немесе жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы шетелдегі дебиторлық/кредиторлық берешегі (растайтын құжаттармен бірге);
-өзге мүлік (қалауы бойынша), егер құны 1000 АЕК-тен жоғары болса (бағалау құжаты болған жағдайда).
2.Сайланбалы және мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар, сондай-ақ олардың жұбайлары;
3. Мыналардың ірі қатысушысы мәртебесіне үміткер тұлғалар: банктер, бағалы қағаздар нарығы және сақтандыру ұйымдары, сондай-ақ олардың жұбайлары;
4.Жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);
5.Цифрлық активтері бар ҚР азаматтары және резиденттері.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістер мен мүлік туралы декларацияны:
1. ҚР азаматтары, жеке тұлғалар - резиденттер есепті салық кезеңі ішінде мынадай шарттардың біріне сәйкес келген кезде:
- мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары;
- банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың жұбайлары;
- басшылар; квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, жарғылық капиталындағы үлестің (акционерлік қоғамдар акцияларының) 10% -нан астамын иеленетін заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары;
- жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);
- дербес салық салуға жататын табыс алған тұлғалар (мүлікті жалға беруден түскен табыс; шетелдік банк шоттары бойынша сыйақылар; цифрлық активтермен операциялардан түсетін кірістер; ДК-дан түсетін табыстарды қоспағанда, салық төлем көзінен ұсталмаған өзге де табыстар);
- шетелдік банктердің шоттарында ақша қаражаты бар тұлғалар, егер олардың сомасы жиынтығында 1000 АЕК-тен асатын болса;
- шетелде активтері бар тұлғалар (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, бағалы қағаздар, ПФЗ, инвестициялық алтын, шетелдік компаниялардағы үлесі; тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі);
- меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;
- есепті салық кезеңі ішінде құны 20 000 еселенген АЕК артық мүлік сатып алған тұлғалар, оның ішінде ҚР тыс жерлерде (мысалы: 2024 жылы - 73 840 000 теңге, 2025 жылы - 78 640 000 теңге);
- салық агентіне басқа да шегерімдердің алдын ала сомасы түрінде салық шегерімдерін қолдану туралы өтініш берген тұлғалар.