ЖК: Міндетті тіркеу талаптары 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап өзгереді

ЖК: Міндетті тіркеу талаптары 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап өзгереді
ЖК тіркеуі: не өзгереді?
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 35-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына енгізілген өзгерістерге сәйкес,
2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап келесі талаптардың кемінде біріне сәйкес келетін жеке тұлғалар міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс:
тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатындар;
ҚР салық заңнамасына сәйкес есептелетін жылдық табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 360 еселенген мөлшерінен асып кететін тұлғалар.
Осылайша, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін табыс шегі бұрынғыдай ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 12 еселенген мөлшерімен емес, айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) есептелетін болады.
2025 жылы бұл сома:
ЕТЖ бойынша — 1 020 000 теңге
АЕК бойынша — 1 415 520 теңге (360 АЕК)
Өзгерістер 2025 жылғы 15 шілдеде қабылданған № 207-VIII ҚР Заңымен енгізілді.