2024 жылға арналған жеке тұлғалардың мүлік салығын 1 қазанға дейін төлеу қажет

2024 жылға арналған жеке тұлғалардың мүлік салығын 1 қазанға дейін төлеу қажет
2024 жылға арналған мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады.
Қостанай облысының тұрғындарына мүлік салығына қатысты SMS-хабарламалар келіп түсуде.
 Мүлік салығының сомасын анықтап, төлем жасау үшін келесі сервистерді пайдалануға болады:
«e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы «Болашақ төлемдер сервисі» (ЖТ мен ЖК үшін);
«Halyk Bank» және «Kaspi Bank» банктерінің қосымшалары.
 Кейбір азаматтар мүлік салығынан босатылады:
Салық жеңілдігіне ие азаматтар:
Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарының иегерлері, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және «Отан» орденімен марапатталғандар – салық салу объектілерінің жалпы құнының 1000 АЕК шегінде;
Ұлы Отан соғысының ардагерлері, оларға теңестірілген тұлғалар, басқа мемлекеттердегі жауынгерлік әрекеттердің ардагерлері, сонымен қатар ҰОС жылдарында тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген, бірақ марапатталмаған азаматтар – 1500 АЕК шегінде;
Мүгедектігі бар адамдар – 1500 АЕК шегінде;
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (18 жасқа дейін), бала кезінен мүгедек баланың бір ата-анасы немесе мүгедек баланың өзі – олардың меншігіндегі жер телімдері, тұрғын үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және басқа да құрылыстар бойынша;
«Батыр ана» атағын алған көпбалалы аналар, «Алтын алқа» иегерлері – жер телімдері және 1000 АЕК шегінде басқа да мүліктері бойынша (үй, саяжай, гараж, тұрақ орны және т.б.);
Жеке тұратын зейнеткерлер (тұрғылықты мекенжайы бойынша тек зейнеткерлер тіркелген жағдайда) – жер телімдері және 1000 АЕК шегінде басқа мүліктері бойынша;
Жеке кәсіпкерлер – кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын объектілер бойынша (тұрғын үйлер мен Салық кодексінің 529-бабына сәйкес анықталатын объектілерден басқа);
Көпқабатты тұрғын үй орналасқан жер теліміндегі үлесіне сәйкес, пәтер (бөлме) иесі болып табылатын жеке тұлғалар.
Қосымша ақпарат алу үшін Қостанай облысының тұрғындары 1414 (3) бірыңғай байланыс орталығына немесе мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінулеріне болады.