Қостанай облысы Мемлекеттік кірістер органдарының бастамасымен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің (ҚӨУ) экономика және құқық факультетінде «Салық саласындағы әкімшілендіру және құқықтық реттеу» атты жаңа білім беру бағдарламасы ашылады.
Жобаның мақсаты- салық салу саласында білікті мамандар даярлау және Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарындағы кадр мәселесін шешу. Бұл бағдарлама мемлекеттік қызмет пен салықтық консалтанг үшін кәсіби кадрлық резерв қалыптастыруға мүмкіндік береді.
2025 жылғы 20 маусымнан бастап студенттерді қабылдау басталады.
Бағдарлама түлектері келесі лауазымдарда жұмыс істей алады:
Жоба –салықтық білім беру дамыту мен мемлекеттік қызмет саласындағы кадрлық әлеуетті нығайтудың маңызды қадамы.Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен келісім жүргізіліп,бағдарлама білім беру бағдарламалары тізіліміне енгізілді.
Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті