Осы жылдың 1 шілдесіне дейін мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғалардың меншік құқығындағы тұрғын үй жылжымайтын мүлкіне (пәтерлер, үйлер, саяжайлар, гараждар және оларға тиесілі жер учаскелері) мүлік салығын есептеуді жүргізеді.
Сонымен қатар, 2024 жыл үшін мүлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылғы 1 қазанға дейін белгіленген.
Салық төлеушілерді ақпараттандыру мақсатында Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында (kgd.gov.kz), «Электрондық үкімет» порталында (eGov.kz) және «Kaspi Bank» АҚ мобильді қосымшасында (Kaspi.kz) алдағы төлемдер сервисі іске қосылған. Бұл сервис арқылы жеке тұлғалар төлеу мерзімі басталғанға дейін алдағы мүлік салығының сомасын көре алады және дайын деректемелер бойынша төлем жасай алады.
Аталған сервис арқылы 1 шілде мен 1 қазан аралығында салық төлеушілерге мүлік салығы бойынша мемлекеттік кірістер органдары есептеген сома туралы ақпаратты КМК ақпараттық жүйесі арқылы онлайн режимде алу мүмкіндігі беріледі.