Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада өтті

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада өтті

Салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдық рухты нығайту мақсатында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиадаға белсене қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша команда мүшелері жоғары нәтиже көрсетіп, келесі жетістіктерге қол жеткізді:
Футболдан – 1 орын
Үстел теннисінен – 1 орын, жеңімпаздар: Татьяна Попович (АРБ бөлімінің басшысы) және Жанібек Тұрағұлов (Рудный қаласы бойынша МКБ басшысының орынбасары)
Сонымен қатар, жүзу бойынша да зор жетістіктерге жеттік:
Жанболат Берікбаев (Қостанай ауданы бойынша МКБ бөлім басшысы) — 50 метрге арқамен жүзу бойынша 1 орын
Алихан Ерумбаев (Қостанай ауданы бойынша МКБ басшысының орынбасары) — 50 метрге еркін стильде жүзу бойынша 3 орын
Команда атынан қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Осындай іс-шаралар тек денсаулықты нығайтып қана қоймай, ұжымдық ынтымақтастықты арттыруға да септігін тигізеді.