Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

             

                                                                                                                                            Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу  

                                                                                                                                            жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға 5-қосымша

                                                                                                                                                           

                                                                                                                                                           Бекітемін
                                                                                                                                                           Қостанай облысы бойынша МКД басшысы
                                                                                                                                                           ______________ С. Ұзақбаев
                                                                                                                                                           «____» маусым 2026 жыл

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы

Оны жою жөніндегі ұсынымдар

Іс-шараның аяқталу нысаны

Уәкілетті мемлекеттік органның ұстанымы (ұсынымдар басқа мемлекеттік органға жолданған жағдайда)

Орындау мерзімі

1

Лауазымды тұлғаның орналасқан жерін өзгерту сылтауымен салықтық тексеруді әдейі созуы.

ҚР Салық кодексіне мынадай өзгерістер енгізу: 1) салықтық тексеру жүргізу кезеңінде салық төлеушінің орналасқан жерін өзгерту мүмкіндігін шектеу; 2) орналасқан жері өзгерген жағдайда тексеру материалдарын автоматты түрде беруді қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік кірістер органдарының аумақаралық өзара іс-қимыл тәртібін регламенттеу; 3) тексеруге қатысудан жалтарудың алдын алу шараларын көздеу (мысалы, операцияларды тоқтата тұру, тіркеу әрекеттеріне шектеу қою, ЭШФ бұғаттау).

ҚР ҚМ МКК-ға хат жолдау. НҚА-ға толықтырулар енгізу.

Қостанай облысы бойынша МКД 2026 жылғы 28 сәуірдегі № ДГД-УА-1-07/36913-ВН сұрау хатын ҚР ҚМ МКК-ға жолдады. ҚР ҚМ МКК-ның 2026 жылғы 22 мамырдағы № КГД-15-2-21/12321-ВН жауабына сәйкес мәселе нормативтік құқықтық актіні қабылдау шеңберінде пысықталуда.

2027 ж.

2

Тапсырманы табыстау мерзімінің шектеулілігі және тексерудің басталуының оны табыстау фактісіне тәуелді болуы рәсімдерді созуға және іріктеп қарауға жағдай жасайды, бұл бақылаудан жалтару немесе жекелеген салық төлеушілерге артықшылық беру үшін пайдаланылуы мүмкін.

Салық төлеушінің болмауы және ықтимал техникалық кідірістер ескеріле отырып, нұсқаманы табыстау мерзімін ұлғайту, бұл ретте УКПСжСЕЖ-де тіркелгеннен кейін табысталды деп есептеу.

ҚР ҚМ МКК-ға хат жолдау. НҚА-ға толықтырулар енгізу.

Қостанай облысы бойынша МКД 2026 жылғы 28 сәуірдегі № ДГД-УА-1-07/36913-ВН сұрау хатын ҚР ҚМ МКК-ға жолдады. ҚР ҚМ МКК-ның 2026 жылғы 22 мамырдағы № КГД-15-2-21/12321-ВН жауабына сәйкес мәселе Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу шеңберінде пысықталуда.

2027 ж.

3

Тіркеу алымының төленген сомасын негізсіз қайтаруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелі.

Салық кодексінің 614-бабының 1-тармағына алымның уәкілетті органның орналасқан жері бойынша төленуін көздейтін өзгеріс енгізу.

ҚР ҚМ МКК-ға хат жолдау. НҚА-ға толықтырулар енгізу.

Қостанай облысы бойынша МКД 2026 жылғы 29 сәуірдегі № ДГД-УНП-1-4/37105-ВН сұрау хатын ҚР ҚМ МКК-ға Салық кодексінің 614-бабы 1-тармағына өзгерістер енгізу мәселесі бойынша жолдады.

2027 ж.

Дата публикации
17 июня 2026