Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы, интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есепті орналастыруды сұрайды. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік кірістер органдары Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген 42 мемлекеттік қызметті көрсетеді, оның ішінде 25-і салықтық және 17-і кедендік мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады. Автоматтандырудағы маңызды жетістік электронды түрде көрсетілетін қызметтердің үлесін 99,5%-ға дейін арттыру болды. 2025 жылы 583,8 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 580,8 мыңы (99,5 пайызы) электронды түрде, 3,0 мыңы (0,5 пайызы) қағаз жүзінде көрсетілген. Сонымен қатар, салық есептерінің 99,9 %-ы электронды түрде (400,2 мың нысан ұсынылады).