
Қарағанды “Salyq кэшбэк” жобасына қосылады @amianapp
Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылдың 15 сәуірінде Қарағанды қаласында “Salyq кэшбэк” пилоттық жобасының қайта іске қосылғаны туралы хабарлайды.
Жоба сыйақы төлеуді-микро және шағын бизнес субъектілері беретін фискалдық чектерді сканерлегені үшін кэшбек алуды көздейді.
Кэшбектің ең төменгі сомасы-фискалдық чекте көрсетілген соманың 2 %.
Бірінші кезеңнің нәтижелері Абай және Ақмола облыстарында іске асырылған жобаның пилоттық кезеңі фискалдық тәртіптің айтарлықтай өскенін көрсетті:
- берілген чектер саны 2 есеге артты;
- чектер бойынша операциялардың жалпы сомасы 32% - ға өсті (2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2024 жылдың 2-ші жартыжылдығындағы деректер бойынша).
2% кэшбекті қалай қайтаруға болады?
Жобаға қатысу қарапайым және барлығына қол жетімді:
Сыйақыларды есептеу– “IT Analytics” ЖШС жоба операторы арқылы жүзеге асырылады.
Жобаның мақсаттары:
- Халықтың экономикалық және құқықтық мәдениетін арттыру;
- Экономиканың көлеңкелі секторын қысқарту;
- Тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
- Бақылау-кассалық машиналарды пайдалануды ынталандыру.
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қаланың барлық тұрғындарын белсенді азаматтық ұстанымын көрсетуге шақырады:
✓ Сатып алу кезінде әрқашан чектерді талап етіңіз;
✓ Қолданбадағы чектерді сканерлеңіз;
✓ Заңды сыйақы алыңыз.
Сіздің саналылығыңыз-аймақтың дамуына және бизнестің ашықтығына қосқан үлесіңіз болып саналады!