Кедендік бақылау аймағы дегеніміз не? - бұл тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу орны.
Үшінші елдерге қанша соманы алып шығуға болады? - Қазақстан Республикасы Президентінің 14.03.2022 жылғы №830 Жарлығымен 10 000 (он мың) АҚШ долларының баламасынан асатын және әкету күніне белгіленген ҚР ҰБ бағамы бойынша есептелген сомада қолма-қол шетел валютасын және (немесе) ақша құралдарын шетел валютасында әкетуге тыйым салынады.
Әуежайлардағы қос дәліз жүйесі дегеніміз не ? - бұл жеке тұлғаларға қызыл және жасыл дәліз арасында өз бетінше таңдау жасауға мүмкіндік беретін жеке тұлғаларға кедендік бақылауды жүргізудің жеңілдетілген жүйесі.
Жасыл дәліз-жеке тұлғаның кедендік декларациялауға жатпайтын жеке пайдалануы үшін алып жүретін багажды ауыстыруға арналған орын.
Қызыл дәліз-жеке тұлғаның кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалану үшін алып жүретін багажын ауыстыруға арналған орын.
Қос дәліз жүйесін қолдану жеке тұлғаның қызыл және жасыл дәліз арасында таңдау жасауды өз бетінше таңдауын қамтамасыз етеді.
Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды халықаралық пошта жөнелтілімдерін тасымалдау нормалары қандай нормативтік құжатпен реттеледі?
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 "жеке пайдалануға арналған тауарлармен байланысты жекелеген мәселелер туралы"шешімімен.