ТАУАРЛАРҒА АРНАЛҒАН ДЕКЛАРАЦИЯНЫҢ (ТД) 31-БАҒАНЫН ДҰРЫС ЖӘНЕ ТОЛЫҚ ТОЛТЫРУ

ТАУАРЛАРҒА АРНАЛҒАН ДЕКЛАРАЦИЯНЫҢ (ТД) 31-БАҒАНЫН ДҰРЫС ЖӘНЕ ТОЛЫҚ ТОЛТЫРУ

📋 Тауарларға арналған декларацияның 31-бағаны «Жүк орындары және тауардың сипаттамасы — Таңбалау және саны — Контейнерлердің нөмірлері — Саны және айрықша ерекшеліктері» тауарды сәйкестендіруге және декларацияда көрсетілген мәліметтерді нақты тасымалданатын тауармен салыстыруға мүмкіндік беретін толық ақпаратты көрсетуге арналған.

🔹 БҰЛ БАҒАНДЫ ТОЛТЫРҒАН КЕЗДЕ НЕНІ ЕСКЕРУ ҚАЖЕТ?

Тауарды декларациялау кезінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушы оның сипаттамасының толықтығын, дұрыстығын және бірмәнділігін қамтамасыз етуі қажет.

📝 31-БАҒАНДА тауардың сипатына және оны тасымалдау ерекшеліктеріне қарай оны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтер, оның ішінде:

🔸 тауардың атауы;

🔸 модель, марка, артикул және басқа да айрықша сипаттамалары туралы мәліметтер;

🔸 құрамы, дайындалған материалы және негізгі техникалық сипаттамалары (егер олар тауарды сәйкестендіру үшін маңызды болса);

🔸 өндіруші және тауар белгісі туралы мәліметтер (тиісті жағдайларда);

🔸 тауардың саны және өлшем бірлігі;

🔸 орамы, жүк орындары және олардың таңбалануы туралы мәліметтер;

🔸 тауар контейнерлерде тасымалданған жағдайда, контейнерлердің нөмірлері;

🔸 тауарды сәйкестендіру үшін қажетті және кеден заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

❓ БҰЛ НЕ ҮШІН МАҢЫЗДЫ?

31-бағанда қамтылған ақпаратты кеден органдары кедендік бақылауды жүргізу кезінде, оның ішінде:

🔎 тауарды сәйкестендіру;

📄 мәлімделген мәліметтердің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексеру;

📦 декларациядағы мәліметтерді нақты тасымалданатын тауарлармен салыстыру;

⚖️ кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын анықтау;

🚫 белгіленген тыйымдар мен шектеулердің сақталуын тексеру;

⚠️ тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану;

🔍 кейінгі кедендік бақылауды жүргізу үшін пайдаланады.

Осылайша, тауар неғұрлым нақты әрі толық сипатталса, оны кедендік рәсімдеу кезінде қосымша сұрақтардың туындау ықтималдығы соғұрлым төмен болады.

⚠️ МАҢЫЗДЫ!

Тауардың сипаттамасы нақты және ақпараттық мазмұнды болуы тиіс.

Тауардың сипаттамалары мен түрін бірмәнді анықтауға мүмкіндік бермейтін тек жалпы сипаттағы тұжырымдарды пайдалану мәліметтерді қосымша нақтылау қажеттілігіне және қосымша бақылау іс-шараларының жүргізілуіне алып келуі мүмкін.

📌 Мысалы, жалпы:

❌ «жабдық»
❌ «қосалқы бөлшектер»
❌ «пластмассадан жасалған бұйымдар»
❌ «электроника»

деген сипаттамалардың орнына тауарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нақты атауы мен сипаттамаларын көрсету қажет.

📢 СЭҚ-ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҰСЫНЫЛАДЫ

ТД-ны ұсынар алдында 31-бағанда көрсетілген мәліметтердің сыртқы экономикалық мәмілені сүйемелдейтін коммерциялық, көліктік және өзге де құжаттардағы мәліметтерге сәйкестігін тексеру қажет.

📌 ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды тауарларға арналған декларацияларды толтыруға жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Тауардың толық және дұрыс сипатталуы:

✅ кедендік бақылаудың тиімді жүргізілуіне;

✅ қосымша сұрау салулардың санын азайтуға;

✅ кедендік операцияларды жасау кезінде кідірістердің туындау тәуекелін төмендетуге ықпал етеді.

⚠️ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

📍 31-бағанды дұрыс әрі толық толтыру — тауарды сапалы декларациялаудың және кедендік рәсімдерден өтудің маңызды бөлігі.