
📌 ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ: НЕНІ БІЛУ ҚАЖЕТ?
Қазақстанда берешегін өтеуде қиындықтарға тап болған азаматтар үшін үш рәсім қарастырылған:
🔹 соттан тыс банкроттық;
🔹 сот арқылы банкроттық;
🔹 төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.
📲 Өтініш eGov порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы беріледі.
Өтініштерді аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары қарайды
Рәсім банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы берешекке қатысты қолданылады.
Негізгі шарттары:
💰 берешек мөлшері 1 600 АЕК-тен аспауы тиіс;
⏳ берешек 12 ай және одан да көп уақыт бойы өтелмеген болуы тиіс;
🏠 мемлекеттік тіркеуге жататын, оның ішінде ортақ меншіктегі мүліктің болмауы.
📌 Азаматтардың жекелеген санаттары үшін заңнамада ерекше шарттар көзделген.
Өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі.
Рәсім заңнамаға сәйкес есептен шығаруға жатпайтын міндеттемелерді қоспағанда, кредиторлар алдындағы міндеттемелер бойынша қолданылады.
Нені білу қажет:
🏠 борышкердің мүлкі берешекті өтеу үшін сауда-саттықта сатылуы мүмкін;
🏡 егер жалғыз тұрғын үй кепіл нысанасы болып табылса, кредитор оны өндіріп алуға құқылы;
🏠 егер жалғыз тұрғын үй кепіл нысанасы болып табылмаса, ол мүліктік массаға енгізілмейді;
👨💼 қаржы басқарушысы тағайындалады.
⏳ Рәсімді жүргізу мерзімі — 6 ай, заңнамада көзделген жағдайларда ұзартылуы мүмкін.
Өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі.
Бұл рәсім тұрақты табыс және/немесе міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беретін мүлік болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
📋 Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары 5 жылға дейінгі мерзімге жасалады.
Рәсім шеңберінде:
🏠 мүліктің бір бөлігін сатуға;
🏢 мүлікті жалға беруге;
🏡 тұрғын үйді сатып, басқа тұрғын үй алуға;
🔄 тұрғын үйді құны төмен тұрғын үйге айырбастауға және басқа да шараларды қолдануға болады.
✨ Негізгі артықшылығы — азаматқа «банкрот» мәртебесі берілмейді.
Банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін заңнамада белгілі бір шектеулер көзделген:
🚫 5 жыл ішінде банктер мен МҚҰ-дан қарыздар алуға шектеу қойылады;
🔄 қайта банкроттық рәсімін қолдану 7 жылдан кейін мүмкін;
🔎 3 жыл ішінде мүлік сатып алуға мониторинг жүргізіледі.
📌 Маңызды: рәсімді таңдау кезінде берешек мөлшерін, мүліктің болуын, табысты және басқа да мән-жайларды ескеру қажет.
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарға өтініш бермес бұрын әрбір рәсімнің шарттары мен салдарымен мұқият танысуды ұсынады.