📢 Жеке кәсіпкерлер және шаруа фермер қожалықтары ҮШІН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!

📢 Жеке кәсіпкерлер және шаруа фермер қожалықтары ҮШІН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жыл бойынша камералдық бақылау нәтижесінде жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібімен жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілердің кірістерді толық көрсетуіне қатысты алшақтықтар анықталғанын хабарлайды.

🔎 Алшақтықтар мына деректерді талдау негізінде анықталды:
* салық есептілігінің нысандары;
* электрондық шот-фактуралар (ЭШФ);
* екінші деңгейдегі банктердің деректері — POS-терминалдар және мобильді төлемдер;
* басқа да ақпарат көздері.

📩 Анықталған алшақтықтар бойынша салық төлеушілерге тиісті хабарламалар жіберілді.

🎯 Камералдық бақылаудың мақсаты — салық төлеушіге анықталған алшақтықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру.

⏰ Хабарлама алған жағдайда не істеу керек?

Хабарламаны орындау мерзімі — 30 жұмыс күні (шамамен 45 күнтізбелік күн).

✅ Егер анықталған алшақтықпен келіссеңіз:
— қосымша салық есептілігін ұсыныңыз;
— өзіңіз есептеген салық сомаларын төлеңіз.

📝 Егер құқық бұзушылық жоқ деп есептесеңіз:
— өз ұстанымыңызды негіздей отырып, түсіндірме ұсыныңыз.

☝️ Түсіндірме ұсыну да хабарламаны орындаудың тең дәрежедегі тәсілі болып табылады.

💻 Хабарламаның бар-жоғын тексеріп, оны орындауды салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы жүзеге асыруға болады.

⚠️ Маңызды! Салық міндеттемелерін уақытылы орындаңыз және жеке кабинетіңізді тексеруді ұмытпаңыз.

📌 Хабарлама бар ма — тексеріңіз! Уақытында әрекет етіңіз!