31 шілдеден бастап ЕАЭО-да тауарларды тасымалдау кезінде навигациялық пломбаларды қолдану кеңеюде

31 шілдеден бастап ЕАЭО-да тауарларды тасымалдау кезінде навигациялық пломбаларды қолдану кеңеюде

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 31 шілдеден бастап Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағында тауарларды тасымалдауды бақылауға арналған навигациялық пломбаларды енгізудің екінші кезеңі басталатынын хабарлайды.

📍 Навигациялық пломба дегеніміз не?

Навигациялық пломба – көлік құралына орнатылатын және тауарларды тасымалдау процесін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін электрондық құрылғы.

Оны қолдану:

✅ тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;

✅ тасымалдаудың ашықтығын арттыруға;

✅ жүк тасымалдау кезінде мемлекеттік бақылау шараларын барынша азайтуға мүмкіндік береді.

📈 Бірінші кезеңнің нәтижесі

Навигациялық пломбаларды енгізудің бірінші кезеңі 2026 жылғы 11 ақпанда басталып, ЕАЭО-ға мүше екі және одан да көп мемлекеттердің аумағы арқылы жүзеге асырылатын халықаралық тасымалдар кезінде бұл тетіктің тиімділігін дәлелдеді.

📦 2026 жылғы 31 шілдеден бастап қандай өзгерістер болады?

Навигациялық пломбаларды қолдану міндетті болып табылатын тасымалдар тізбесі кеңейтіледі.

🚚 2026 жылғы 31 шілдеден бастап навигациялық пломбалар мынадай тасымалдарға қолданылады:

🔹 кедендік транзит рәсімі шеңберінде тасымалданатын тауарлардың барлық санаттарын автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде (2023 жылғы 12 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің №147 шешімінде көзделген жекелеген тауар санаттарын қоспағанда);

🔹 теміржол көлігімен тасымалдау кезінде:

🍷 алкоголь өнімдері;

🚬 темекі өнімдері;

📦 санкцияларға жататын тауарлар;

🧥 үлбір (тон) бұйымдары;

👟 аяқ киім;

👕 киім-кешек;

💻 электрондық техника.

📢 Мемлекеттік кірістер комитетінің ұсынысы

МКК тасымалдаушыларға, экспедиторларға, экспорттаушыларға, импорттаушыларға және сыртқы экономикалық қызметтің басқа да қатысушыларына жаңа талаптармен алдын ала танысып, оларды тасымалдауды жоспарлау кезінде ескеруді ұсынады.

Бұл:

✔️ мемлекеттік шекарадан өту кезінде кідірістерді болдырмауға;

✔️ логистикалық процестің үздіксіздігін қамтамасыз етуге;

✔️ жүктерді жеткізудің белгіленген мерзімдерін сақтауға мүмкіндік береді.

📖 Құқықтық негізі

Навигациялық пломбаларды енгізу 2022 жылғы 19 сәуірдегі «Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімге», сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия органдарының шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.