📚 Сотрудники Департамента приняли участие в QUIZ-игре

📚 Сотрудники Департамента приняли участие в QUIZ-игре

📚 Департамент мамандары QUIZ ойынына қатысты

Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде танымдық әрі мазмұнды QUIZ ойыны өтті. Іс-шара мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және оның мәртебесін арттыру мақсатында Ресурстық тіл орталығының бастамасымен ұйымдастырылды.

🎯 Ойын барысында екі командаға бөлінген қатысушылар бес кезең бойынша білімдерін сынға салды.

📌 «Дәлелдеңіз» кезеңінде мемлекеттік тілге қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін дәлелдеді.

📌 «Кеңсе қазақшасы» бөлімінде кеңсе жұмысында жиі қолданылатын орыс тіліндегі атаулардың қазақша баламаларын ұсынды.

📌 «Құжаттардың ерекшелігін білесіз бе?» кезеңінде хаттама мен бұйрықтың құрылымы, стилі және тілдік ерекшеліктері талқыланды.

📌 «Бір әріп – көп сөз» бөлімінде қатысушылар мемлекеттік қызмет саласына қатысты сөздерді жылдам әрі көп айту бойынша бақ сынасты.

📌 Ал соңғы «Жасырын сөз» кезеңінде әріптері араластырылып берілген сөздерден құжат атауларын құрастырды.

👏 Департамент қызметкерлері ойынға белсенді қатысып, әсіресе жас мамандар жоғары қызығушылық танытты.

🎁 Іс-шара қорытындысы бойынша әр командадан белсенділік танытқан екі қатысушыға ұлы ақын Абай Құнанбайұлы шығармаларының жинағы табысталды. Сондай-ақ департамент ұжымына алғысхат берілді.

🤝 Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған QUIZ ойынын Ресурстық тіл орталығының мамандары Жұпар Жақан мен Махаббат Дүйсен ұйымдастырып өткізді.