
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазіргі уақытта Ақтөбе облысы бойынша МКД «Жайсан» автомобиль өткізу пунктінде (Ресей Федерациясының Орынбор облысындағы шектес «Илецк-1» өткізу пункті) Қазақстан-Ресей шекарасы учаскесінде көлік құралдарының көптеп шоғырлануы байқалып отырғанын хабарлайды.
📢 Осыған байланысты тасымалдау процесіне қатысушылармен, кеден өкілдерімен, тасымалдаушылармен және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен жоғарыда аталған өткізу пунктінде ұзақ уақыт кідірістер мен тоқтап қалуларды болдырмау мақсатында Ресей Федерациясы бағытына және/немесе оның аумағы арқылы өтетін баламалы маршруттарды таңдау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.
✅ Қалыптасқан жағдай толық реттелгенге дейін Комитет балама ретінде көлік құралдарының қозғалысын «Әлімбет» өткізу пункті арқылы жүзеге асыруды ұсынады.
📍 Маршруттарды жоспарлау кезінде аталған ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз.