
«Кеден» ақпараттық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген және бүгінгі таңда кедендік әкімшілендірудің толық циклін қамтиды: декларацияны беруден бастап тауарларды шығаруға және кейінгі бақылауға дейін. Жүйенің негізгі модульдері: «Декларациялау» – тауар декларацияларын (ТД), транзиттік декларацияларды (ТрД), статистикалық нысандарды электрондық түрде ұсыну. «Транзит» – транзиттік декларацияларды ресімдеу, жеткізу мерзімдерін бақылау, транзитті автоматты түрде жабу. «Тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ)» – тәуекелдерді басқару жүйесі. Бақылау нысандары мен дәліздерін (жасыл, сары, қызыл) автоматты түрде таңдау. «Дербес шоттар» – төлемдерді онлайн есепке алу, кедендік баждар мен салықтарды есепке жатқызу және қайтару. «Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының кабинеті» – декларациялаушыларға, тасымалдаушыларға және уақытша сақтау қоймаларына арналған жеке кабинет. Цифрландыру нәтижелері:«Жасыл» дәліз бойынша тауарларды шығару уақыты орта есеппен 4 сағатқа дейін қысқарды. Электрондық декларациялардың үлесі 99,8%-дан асты. 2026 жылғы 1 мамырдан бастап сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар «Кеден» АЖ-ның «Транзит» модулі арқылы транзиттік декларацияларды электрондық түрде тапсыра, түзете және олардың мәртебесін қадағалай алады. Жаңа форматтың негізгі артықшылықтары: 1. Рәсімдеу уақытын қысқарту – мәліметтерді автоматты түрде тексеру және транзиттік декларацияларды жедел тіркеу. 2. Процестің ашықтығы – декларациялаушы нақты уақыт режимінде декларацияның мәртебесін және кеден органының талаптарын көре алады. 3. Қағаз құжат айналымынан бас тарту – шығындарды азайту және құжаттардың жоғалу тәуекелдерін төмендету. 4. ЕАЭО жүйелерімен интеграциялау – Одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарымен деректерді автоматты түрде алмасу. Электрондық форматқа көшу кедендік рәсімдерді цифрландыру және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі нормаларын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды. «Кеден» АЖ деректердің қорғалуын және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікті қамтамасыз етеді. Жүйеде дұрыс жұмыс істеу үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларда электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) және «Салық төлеушінің кабинетінде» тіркелуі болуы қажет. Жүйені одан әрі дамыту тәуекелдерді талдауға арналған жасанды интеллект модульдерін енгізуге, Keden Mobile мобильді қосымшасының мүмкіндіктерін кеңейтуге және ЕАЭО шеңберінде үздіксіз транзит жүйесі
не көшуге бағытталған.