
4 маусым елімізде Тәуелсіздік, егемендік және ұлттық бірліктің маңызды нышандары саналатын Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі.
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – Қазақстан халқының тарихын, құндылықтарын, сондай-ақ еліміздің өркендеуі мен дамуына деген ұмтылысын бейнелейтін қасиетті рәміздер.
Мемлекеттік рәміздер барша қазақстандықтарды біріктіріп, отансүйгіштік рухты, Отанға деген құрмет пен елімізге деген мақтаныш сезімін нығайта берсін!