СӘИЖ СТК - де камералдық бақылау хабарламаларымен жұмыс жүргізу

СӘИЖ СТК - де камералдық бақылау хабарламаларымен жұмыс жүргізу

⚜️Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті камералдық бақылау хабарламаларын орындау тәртібі туралы хабарлайды.

📌 Камералдық бақылау барысында сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, салық төлеушіге (көлденең мониторингке қатысушыларды қоспағанда) сәйкессіздіктер туралы хабарлама жіберіледі.

✅ Хабарлама қашан орындалды деп есептеледі.

1. Егер сіз сәйкессіздіктермен келіссеңіз,
Бұзушылықтарды келесі тәсілдердің бірі немесе бірнешеуі арқылы жою қажет:
✅ тиісті кезең үшін түзетілген салық есептілігін тапсыру;
✅ бұрын қайтарылған ҚҚС-ты бюджетке қайтару және өсімпұл төлеу (алған күннен бастап қайтарған күнге дейін әр күн үшін);

өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін:
✅ деректерді арнайы мобильді қосымшада көрсету;
✅ немесе салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу;
✅ қажет болған жағдайда — басқа салық режиміне көшу үшін әрекеттер жасау (ҚР Салық кодексінің 716-бабына сәйкес).

2. Егер сіз келіспесеңіз
Сіз міндеттісіз:
✅ салық органына сәйкессіздіктердің себептері туралы түсіндірме жіберу;
❗️маңызды: түсіндірмеде салық заңнамасының бұзылғанын көрсетуге болмайды.

💻 Түсіндірмені қалай жіберуге болады:

Түсіндірме СӘИЖ СТК жүйесі арқылы беріледі, ол үшін:
☑️ басты бетке кіру;
☑️ «Кіріс құжаттар» бөліміне өту;
☑️ «Барлығын көру» батырмасын басу;
☑️ қажетті хабарламаны табу.

Хабарламаны ашқаннан кейін:
🔎 ашылған терезеде хабарламаның өзі және «Мемлекеттік кірістер органдары құжатын орындау» бөлімі көрсетіледі.

📍 Осы бөлімде:
📌 түсіндірме өрісін толтыру (сәйкессіздіктердің себептерін сипаттау немесе қандай шаралар қабылданғанын көрсету);
📌 растайтын құжаттарды тіркеу (бар болса).

Барлығын толтырғаннан кейін «Қол қою және жіберу» батырмасын басыңыз