
2026 жылғы 16 қаңтарда ҚР қаржы нарығын, байланыс саласын және банкроттықты реттеу мен дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойылды.
Аталған Заң ҚР «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) өзгерістер енгізуді көздейді.
Не өзгерді және қандай рәсімдер бар👇
Заң 3 рәсімді қарастырады:
🔹 соттан тыс банкроттық
🔹 сот арқылы банкроттық
🔹 төлем қабілеттілігін қалпына келтіру
🧾 Соттан тыс банкроттық
Өтініш eGov порталы немесе eGov mobile арқылы беріледі. Өтініштерді мемлекеттік кірістер органдары қарайды.
Тек келесі берешектер бойынша қолданылады:
🏦 банктер
💳 микроқаржы ұйымдары
📞 коллекторлар
Шарттары:
✔️ қарыз 1600 АЕК-тен аспайды (≈ 6,9 млн ₸)
✔️ 12 айдан астам төленбеген
✔️ тіркелген мүліктің болмауы
Ерекше жағдайлар:
🔸 6 ай АӘК алсаңыз — төлемеу мерзімі есепке алынбайды
🔸 қарыз 5 жылдан астам төленбесе — шарттар қолданылмайды
📌 Маңызды:
— ломбардтар бұл рәсімге кірмейді
— егер қарыз 5 жылдан асса — рәсім небәрі 1 айда аяқталуы мүмкін
⚖️ Сот арқылы банкроттық
Өтініш тұрғылықты жер бойынша сотқа беріледі.
Келесі берешектерден басқа барлық қарыздарға қолданылады:
❌ алименттер
❌ өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян
❌ қылмыстық залал
❌ бюджетке төленетін кейбір төлемдер
Шарттары:
✔️ қарыз 1600 АЕК-тен жоғары
✔️ 12 айдан астам төленбеген
✔️ мүліктің болуы немесе болмауы
📌 Егер мүлік болмаса — қарыз сомасы маңызды емес
Нені білу керек:
💼 мүлік аукционда сатылады
🏠 жалғыз баспана:
— кепілде болса → алынуы мүмкін
— кепілде болмаса → алынбайды
👤 қаржы басқарушысы тағайындалады (≈ айына 1 ЕТЖ)
⏳ мерзімі: 6 ай (+ тағы 6 айға ұзартылуы мүмкін)
Шектеулер:
🚫 несие алуға болмайды
🚫 мүлікті сатуға болмайды
🌍 шетелге шығуға тыйым салынады
🔚 Банкроттықтың салдары:
❌ 5 жыл несие алуға болмайды
🔁 қайта банкрот болу — 7 жылдан кейін
👀 3 жыл мүлікке бақылау жүргізіледі
🔄 Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру
Өтініш сотқа беріледі.
Шарты:
✔️ қарыз мүлік құнынан аспайды немесе тұрақты табыс бар
Не істеуге болады:
🏠 мүліктің бір бөлігін сату
🏢 мүлікті жалға беру
🔄 тұрғын үйді арзаныраққа ауыстыру