
Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалармен 2025 жылғы салық кезеңі үшін есептелген көлік салығын төлеудің соңғы мерзімі 2026 жылдың 1 - сәуірі күні аяқталғанын еске салады.
Көлік салығы салық заңнамасымен белгіленген салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы есептеледі. Бұл ретте, 2025 жылғы айлық есептік көрсеткіш ретінде (АЕК) – 3 932 теңге қолданылады.
Салықты portal.kgd.gov.kz веб-порталындағы калькулятор арқылы есептеуге болады.
Сонымен бірге салық органдары жеке тұлғалардың тиісті салық кезеңі үшін төленетін көлік салығын жыл сайын есептеп, төлем сальдосын анықтайды. Салық сомалары туралы ақпарат екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларының пайдаланушыларына push-хабарламалар түрінде жіберілді.
2026 жылғы 2 - сәуірден бастап салық төлемдері кешіктірілген әрбір күн үшін айыппұл салынатынын еске саламыз. Егер қандай да бір өтелмеген салық берешегі немесе есептелген өсімпұл болса, салық органдары биылғы 10 - мамырдан бастап мәжбүрлеу шараларын қолданады.
Егер төленуге тиіс салық сомасы 1 АЕК-тен асса, қарызды өндіру туралы салық бұйрығы борышкерге жіберіледі. Егер салық бұйрығы табысталған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде қарыз өтелмесе, ол мәжбүрлі түрде өндіру үшін жеке сот орындаушыға жіберіледі.
Өз кезегінде, жеке сот орындаушы мәжбүрлеу шараларын қолдануға, оның ішінде, банк шоттары мен мүлікті тәркілеуге құқығы бар. Сонымен қатар, егер қарыз сомасы 40 АЕК-тен асса, азаматтың уақытша Қазақстан Республикасынан шығуы шектелуі мүмкін.
Кері әсерлердің алдын алу үшін салық міндеттемелеріңізді уақытылы орындауға кеңес береміз, сұрақтар туындаған жағдайда салық органдарына немесе Байланыс-орталығына хабарласуға болады.
Салық сомасы туралы ақпарат portal.kgd.gov.kz сайтындағы «Жеке тұлғаларға арналған алдағы төлемдер» қызметінде, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы қолжетімді.