
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Бақылау-кассалық машиналарды қолдануға байланысты кейбір мәселелер туралы» бұйрығымен бекітілген бақылау-кассалық машиналарға (бұдан әрі – БКМ) қойылатын техникалық талаптарға енгізілген өзгерістерге сәйкес, БКМ-нен фискалдық деректер операторларының серверіне деректерді жіберудің 2.0.3 нұсқадағы хаттамасы (бұдан әрі – 2.0.3 нұсқадағы хаттама) әзірленді. Бұл хаттама Тауарлардың ұлттық каталогына автоматты түрде қосылуды және ККМ-нің геолокациясын анықтауды қарастырады.
Жалпы Қарағанды облысы бойынш 70 383 БКМ бар, оның 2.0.3 нұсқадағы хаттамамен істейтіні - 48 301 дана, 2.0.2 нұсқадағы хаттамамен істейтіні - 9 831 дана (2026 жылғы 11 ақпандағы МКК-нің дерегі бойынша, жаңа деректер әлі алынған жоқ).
2.0.3 нұсқадағы хаттамаға көшу мерзімі 2025 жылғы 17 қарашаға дейін белгіленген.
Естеріңізге саламыз, 2026 жылғы 1 сәуірден бастап 2.0.2 нұсқадағы хаттама толық өшіріледі.
Осыған байланысты бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) қолданатын салық төлеушілер БКМ-ді 2.0.3 нұсқадағы хаттамаға 31.03.2026ж. дейін көшіруді қамтамасыз етуі қажет.