СӘИЖ СТК салық есептілігінің жаңартылған нысандары қолжетімді

СӘИЖ СТК салық есептілігінің жаңартылған нысандары қолжетімді

📌 Құрметті салық төлеушілер!

🔰 Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 6 ақпаннан бастап Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесінің Салық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) келесі салық есептілігі нысандарының жаңа нұсқалары қолжетімді екенін хабарлайды:

1️⃣ 701.01-СЕН – Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі;
2️⃣ 910.00-нысан – Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация.

🌐 СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін:
👉 https://knp.kgd.gov.kz

📧 Сұрақтар туындаған жағдайда қолдау қызметіне knpsd@ecc.kz
электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.

ℹ️ Анықтама үшін:
Салық есептілігі нысандары және оларды толтыру бойынша түсініктемелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы №695 бұйрығымен бекітілген.

‼️ Назар аударыңыз!
2026 жылға арналған СЕН-нің жаңа нұсқалары Салық төлеушінің ескі кабинетінде және СЕӨС АЖ-де қолжетімді емес.

Бұл ретте, 2025 жылдың II жартыжылдығына арналған салық есептілігін ұсыну бұрынғы жүйелерде қолжетімді болып қалады.