
🔰 «Халық бухгалтері» акциясы — Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлерге бухгалтерлік есеп пен салық салу мәселелері бойынша тегін консультациялық көмек көрсетуге бағытталған республикалық бастама.
📅 Өткізілу мерзімі
• Акция 2026 жылғы 5 қаңтардан 30 маусымға дейін өткізіледі.
👥 Кімдер үшін пайдалы
• Жеке кәсіпкерлерге (ЖК).
• Шағын бизнес субъектілеріне.
• Өз ісін енді бастап жатқан немесе есептілікті тапсыру барысында қиындықтарға тап болып жүрген тұлғаларға.
📍 Қандай көмек алуға болады
📌 Төмендегі мәселелер бойынша түсінікті әрі практикалық консультациялар беріледі:
• бухгалтерлік есеп жүргізу;
• салықтық есептілік;
• салық органдарының электрондық ақпараттық жүйелерінде жұмыс істеу.
📍 Көмек көрсету форматы
• Қалалар мен облыс орталықтарындағы vемлекеттік кірістер басқармаларында бетпе-бет консультациялар — өткізу орындары «Халық бухгалтері» деген маңдайшалармен белгіленеді.
• Басқа елді мекендерде орналасқан азаматтар үшін бейнеқоңыраулар және телефон арқылы консультациялар.
• Бірқатар өңірлерде вебинарлар мен онлайн-сессиялар өткізу көзделген.
🧑💼 Кімдер кеңес береді
• кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар;
• бухгалтерлік қауымдастықтардың өкілдері;
• мемлекеттік кірістер органдарының тәжірибелі қызметкерлері.
🎯 Акцияның негізгі мақсаты — салық төлеушілерге қатысты қатаң бақылаудан сервистік сүйемелдеуге көшу, кәсіпкерлердің салықтық сауаттылығын арттыру және салық заңнамасын бұзудың алдын алу.
⏰ Консультациялар кестесіне сәйкес, Қарағанды қаласында акция келесі мекен-жай бойынша өткізіледі:
Ермеков көшесі, 73, Қазыбек би атындағы аудан бойынша МКБ @qazybek_bi_mkb ғимараты:
▪️ 2026 жылғы қаңтар–ақпан — аптасына 3 рет (дс, ср, жм) сағат 10:00–13:00аралығында.
▪️ 2026 жылғы наурыздан бастап — аптасына 2 рет.