
• оңайлатылған декларация негізінде,
• бөлшек салық режимінде,
• тіркелген шегерім қолданылатын режимде
қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынуы қажет.
🗓 Мерзімдер
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану үшін хабарламаны 2026 жылғы 1 қаңтардан 1 наурызға дейін (өтпелі кезең) ұсыну қажет.
Хабарламаны тапсырған салық төлеушілер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап осы режимді қолданушы болып есептеледі.
📲 Хабарламаны беру жолдары (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап):
• Салық төлеушінің кабинеті (ИСНА) арқылы → «Құжаттарды тапсыру» → «Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама» (ЭЦҚ-мен);
• E-Salyq Business мобильді қосымшасы арқылы;
• ірі банктердің мобильді қосымшалары арқылы;
• қағаз түрінде — орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына.
🔔 Хабардар ету үшін Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа Салық төлеушінің кабинетіне қадамдық нұсқаулықпен бірге push-хабарлама жібереді.
⚠️ Маңызды
Егер өтпелі кезеңде салық салу режимі таңдалмаса және хабарлама ұсынылмаса, жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне автоматты түрде көшіру мүмкін.
📞 Мемлекеттік кірістер комитеті түсіндіру көмегін, соның ішінде колл-орталықтар арқылы көрсетеді.
✅ Қиындықсыз көшу үшін оңтайлы салық режимін алдын ала таңдап, хабарламаны уақтылы ұсыну ұсынылады.