
«Ағаштың жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрілігінің 2025 жылғы 05 желтоқсандағы № 527 бұйрығына сәйкес ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 «Теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар, өзгелер» кодын және шыққан елі Қазақстан Республикасы болып табылатын ЕАЭО СЭҚ ТН 4401310000 «Ағаш түйіршектері» кодын қоспағанда, шығарылған еліне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) алты ай мерзімге көліктің барлық түрлерімен әкетуге тыйым салу енгізілді.
Осы бұйрық 2025 жылғы 12 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.