Тауарларды уақытша сақтау қоймалары және "Қазақстан Республикасында кедендік реттеу туралы" Кодекстің 165-бабының 2-тармағына сәйкес тауарларды уақытша сақтау жүзеге асырылуы мүмкін өзге де орындар тауарларды уақытша сақтау орындары болып табылады.

Тауарларды уақытша сақтау қоймалары және "Қазақстан Республикасында кедендік реттеу туралы" Кодекстің 165-бабының 2-тармағына сәйкес тауарларды уақытша сақтау жүзеге асырылуы мүмкін өзге де орындар тауарларды уақытша сақтау орындары болып табылады.
  1. Өтініш берушіге қойылатын негізгі талаптар
  • Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болуы тиіс.
  • Өтініш беруші өзінің меншігінде, шаруашылық/оперативтік басқаруында немесе жалға алу арқылы тауарларын сақтау үшін бөлінген ғимарат немесе ашық алаңға ие болуы керек.
  • Егер объект жалға алынған болса, жалға алу келісімшарты өтініш берілген күннен бастап кемінде 6 айға жасалған болуы тиіс.
  1. Қойма/сақтау алаңына қойылатын талаптар
  • Сертификатталған таразы жабдықтары болуы керек, тауар түріне және көлік құралдарына сәйкес.
  • Жақсы жағдайдағы кіру жолдары, тауарларды тексеру орындары, берік жабынды (бетон, асфальт, резеңке немесе басқа) және қажет болған жағдайда жабық алаңдар мен электр жарығы болуы қажет.
  • Қойманың аумағы (қоймалар, алаңдар, тиеу-түсіру орындары) бірдей пошталық мекенжайға ие болуы және бүкіл периметрі бойынша жабық болуы керек.
  • Қойма/аумақ кеден заңнамасының талаптарына сәйкес аймақ ретінде белгіленуі тиіс.
  1. Құжаттар мен өтініш беру тәртібі
  • МТСҚ тізіліміне қосылу өтініші «KEDEN» ақпараттық жүйесі арқылы (keden.kgd.gov.kz) беріледі.
  • Өтінішке құқықты растайтын құжаттар (меншік немесе жалға алу, жалға алу мерзімі ≥ 6 ай), сондай-ақ қойманың техникалық талаптарға сәйкес екенін растайтын құжаттар (жоспарлар, схемалар, жабдықтар, мекенжай, шекаралар және т.б.) қосылуы керек.
  • Өтініш берілгеннен кейін территориялық кеден органы ғимараттар мен аумақты тексеріп, талаптарға сәйкестігін бағалайды.
  • Меншікті таурларды сақтау коймасы қосу туралы шешім өтініш тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде қабылданады.