️Қазақстан Республикасы аумағына тас өнімдерінің үшінші елдерден жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы.

️Қазақстан Республикасы аумағына тас өнімдерінің үшінші елдерден жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы.

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 2 қарашадағы № 506 бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағына тас өнімдерінің жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы»Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 02.09.2025 жылғы №342 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

 

Өзгерістерге сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден тас өнімдерінің жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы коды

 

6801000000 - тас төсегіштер, жиектемелі - табиғи тастан төсеуге арналған тастар мен плиталар (тақтатастан басқа),

 

6802931000 - гранит жылтыратылған әшекейленген немесе таза салмағы 10 кг немесе одан астам, оюланғаннан басқа, өзге де өңдеуден өткен,

 

6802939000 - ескерткіштер немесе құрылысқа арналған гранит) көліктің барлық түрлерімен әкелуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізілді.

 

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.