Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап аумақтық МКБ-мен бірлесіп заңсыз акцизделетін өнім айналымын анықтауға және жолын кесуге бағытталған кезекті рейдтік іс-шаралар өткізілгенін хабарлайды.

Іс-шаралар барысында Теміртау қаласының сауда базарларының аумағында заңсыз темекі өнімдерін сатуды жүзеге асырған тұлғалар анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 3 млн. теңгеден асатын 9 000-ға жуық темекі өнімдерінің заңсыз айналымы тәркіленді.

Барлық фактілер бойынша әкімшілік іс қозғалды, материалдар одан әрі қарау үшін сотқа жіберілді. Айыппұл сомасы шамамен 5 млн. теңге құрауы мүмкін, алынған өнім тәркіленеді.

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымының жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастырады және қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау қажеттігін еске салады.