
Енді салық төлеуші есептілікті мерзімінде тапсырмаған жағдайда, МКК жүйесі автоматты түрде нөлдік есептілік қалыптастырады.
Бұл мүмкіндік келесіні болдырмайды:
— есептілікті тапсырмау туралы хабарламаларды;
— әкімшілік жауапкершілікті;
— екінші деңгейлі банктерде шығыс операцияларын тоқтатуды.
Санкциялар азайып, қолайлылық артады.
Салық есептілігінің нысандары 30%-дан астам азайды — 41 ден 28 ге дейін.
Бұл бизнес уақытының үнемделуіне және әкімшілендірудің жеңілдеуіне мүмкіндік береді.
Жаңа нысандар Қаржы министрінің 12.11.2025 жылғы №695 бұйрығымен бекітілген.
Жаңа жүйеде әкімшілендіру тәсілі өзгерді, сондықтан есептілікті кері қайтару енді талап етілмейді.
Енді бұл норма қажет емес — авто-нөлдік декларация механизмі жұмыс істейді.
Бұл — салық органдары қызметкерлерінен құралған мобильді топ, ол кейбір салық төлеуші топтарына көмектеседі:
— мемлекеттік қызметтер бойынша;
— декларацияларды толтыру бойынша.
Сервистік топқа 1414 нөмірі арқылы шақыруға болады