Қазақстанда ЭШФ рәсімдеу бойынша жаңа бақылау енгізіледі

Қазақстанда ЭШФ рәсімдеу бойынша жаңа бақылау енгізіледі

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап электрондық шот-фактураларға автоматтандырылған және салыстырмалы бақылау жүйесі іске қосылады.

 

⚙️ Автоматтандырылған бақылау (е-Тамға)

  • ЭШФ тек расталған шығындар болған жағдайда ғана рәсімделеді.
  • ҚҚС балансы «е-Тамға» сервисінде нақты уақыт режимінде автоматты түрде есептеледі.
  • Балансты толықтыру — МКК қазынашылық шоты арқылы, алдын ала салықсыз.
  • Пайдаланылмаған қаржыны өтініш беріп қайтаруға болады.
  • Бақылау тек тәуекелді салық төлеушілерге қолданылады.
  • Мерзімі — 12 ай, ал шарттар орындалса, 6 айдан кейін мерзімінен бұрын алып тастауға болады.

 

🔎 Салыстырмалы бақылау

  • Жалған жеткізілімдерді анықтау үшін жүргізіледі.
  • Тек жалған ЭШФ белгілері бар шағын топтағы салық төлеушілерге қатысты.
  • Хабарлама келеді 📩 — орындау мерзімі 10 жұмыс күні:
  • Келіссе ЭШФ қайтарылады
  • Келіспесе түсініктеме беру қажет
  • Уақытылы жауап берілмесе → ЭШФ рәсімдеу бұғатталады және банк операцияларына шектеулер қойылады 

 

💡 Жаңа Салық кодексі ашықтықты арттыруға, көлеңкелі экономикамен күресуге және әкімшілендіруді оңайлатуға бағытталған.