
Бүгін 24.10.25 жылы Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен Саран қаласының Мәдениет үйі ғимаратында Саран, Шахтинск қалалары бойынша және Абай ауданы бойынша МКБ-ларының қатысуымен салық төлеушілерге "01.01.2026 жылдан бастап енгізілетін жаңа Салық кодексі" және БКМ-ның жаңа 2.0.3 хаттамасына көшуіне қатысты мәселелері тақырыптарында семинар өткізілді.
Еске салсақ, 20.06.25 жылы ҚР ҚМ МКК ресми интернет-ресурсында аталған хаттама жарияланған.
2.0.3 нұсқасының хаттамасында БКМ-ны Тауарлардың ұлттық каталогына (ТҰК) автоматты түрде қосуға және БКМ-ның нақты орналасқан жерін анықтайтын ФДО жағында геолокацияны анықтауға арналған сервис көзделген.