Мемлекеттік кірістер басқармалары жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша жаппай-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Мемлекеттік кірістер басқармалары жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша жаппай-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

06.10.2025 жылы салық сауаттылығын арттыру шеңберінде Балқаш қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Әлихан Бөкейхан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармалары Салық төлеушілер үшін қолданыстағы заңнаманың, сондай-ақ 01.01.2026 жылдан бастап заңды күшіне енетін жаңа Салық кодексінің өзекті мәселелері бойынша көшпелі семинарлар өткізді.

Мәселен, Қазыбек би атындағы аудан бойынша МКБ ҚР ІІМ ҚАЖК № 61 мекемесінің РММ қызметкерлеріне семинар өткізді.

Балқаш қаласы бойынша МКБ, Әлихан Бөкейхан ауданы бойынша МКБ қызметкерлері қала мен ауданның сауда нүктелері мен дүкендерінде жеке кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түсіндіру барысында қолданыстағы салық заңнамасын сақтау, мобильді аударымдар, онлайн БКМ, "салық кэшбек" жобасы, жалпыға бірдей декларациялау, жаңа жылдан бастап енгізілетін арнайы салық режимдерінің түрлері, салық есептілігін қысқарту, салық шегерімдері және т. б. тақырыптар қозғалды.

Мұндай түсіндіру жұмыстары бизнеске салық заңнамасында жақсы бағдарлануға және өз міндеттемелерін уақтылы орындауға көмектеседі