Мемлекеттік кірістер басқармалары жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша жаппай-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда

Мемлекеттік кірістер басқармалары жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша жаппай-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда

07.08.2025 жылы салық сауаттылығын арттыру шеңберінде Шет ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары А. Күлшіковтың басшылығымен қолданыстағы салық заңнамасының, сондай-ақ 01.01.2026 жылдан бастап заңды күшіне енетін жаңа Салық кодексінің өзекті мәселелері бойынша салық төлеушілермен семинар-кеңес өткізілді.
Семинарда бақылау-кассалық машиналарды, пост-терминалдарды қолдану, жалдамалы қызметкерлердің салық есептілігінде көрсету, ХДПИ бойынша декларацияны, ҚҚС, ЖТС ставкаларын, жаңа арнаулы салық режимдерін ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне 01.01.2026 жылдан бастап енгізілетін өзгерістер бойынша өзекті мәселелер қамтылды.