Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің еңбек ұжымымен дін саласындағы мемлекеттік саясат туралы заңнаманы түсіндіру, сондай-ақ «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» заңға енгізілген түзетулерді түсіндіруге арналған кездесу өткізілді. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда тұлғаны тануға кедергі келтіретін, бетті толық жабатын киім киюге қатысты шектеулер талқыланды. Бұл өзгерістер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Шақырылған спикерлер: “Қарағанды облысы дін істері басқармасының Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы” КММ-нің дінтанушысы Метревели К.В., «Жусан» операциясы аясында қарулы қақтығыс аймақтарынан елге қайтарылған азаматша Ахмедова Д.А. сөз сөйледі. Спикерлер дін саласындағы құқықтық аспектілерге тоқталып, жеке тәжірибелерінен нақты мысалдармен бөлісті. Кездесу қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, белсенді пікір алмасты.