Ағымдағы жылы салықтық тексерулер қалай жүргізіледі?

Ағымдағы жылы салықтық тексерулер қалай жүргізіледі?

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылы салықтық тексерулер салық органдары тарапынан кәсіпкерлердің қызметін бақылаудың негізгі нысандарының бірі болып қалады деп хабарлайды.

Қолданыстағы Салық кодексі шеңберінде тексеру жүргізу тәжірибесі жалғасуда. Еске сала кетейік, салықтық тексеру - бұл біздің Республикамыздың салық органы жүзеге асыратын салық заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру.

2025 жылы салықтық тексерулердің екі негізгі түрі қарастырылған: мерзімді және жоспардан тыс.

Мерзімді салықтық тексерулер тәуекел дәрежесін бағалау негізінде бекітілген кесте бойынша жүргізіледі. Олар салық есептілігін, мемлекеттік көздерден алынған деректерді және салық төлеушінің қызметі туралы басқа да ашық ақпаратты талдауға негізделген. Егер салық төлеуші жоғары тәуекел аймағына түссе, мұндай тексерулерге бастамашылық жасалады.

Жоспардан тыс салықтық тексерулер шағымдар, өтініштер түскен кезде, бизнес таратылған жағдайда, сондай-ақ ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

Салық кодексінің 140-бабына сәйкес салықтық тексерулер мынадай нысанда жүргізілуі мүмкін:
•кешенді,
•тақырыптық,
•қарсы,
•хронометраждық зерттеу.

Тексеру кезінде шаруашылық операциялар фактісін растайтын бастапқы құжаттаманың толық жиынтығын ұсыну қажет. Бұл талап Салық кодексінің 155-бабында көзделген. Барлық құжаттардың болуы және олардың ашықтығы - кез келген тексеру кезінде бизнестің мүдделерін қорғаудың негізі.

Салықтық тексеру жүргізу мерзімі нұсқама тапсырылған күннен бастап 30 жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлік субъектілеріне салықтық тексерулерді жүргізу кестесін қадағалауды және құжаттаманы дұрыс ресімдеуді қамтамасыз етуді сұрайды.