Салық кодексінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда жеке тұлғаның салықтық шегерімдердің мынадай түрлерін қолдануға құқығы бар екені көзделген:
1) міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерім;
2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салықтық шегерім;
3) стандартты салықтық шегерімдер – барлық жеке тұлғалар үшін күнтізбелік айға АЕК-тің 14 еселенген мөлшері немесе күнтізбелік жылға АЕК-тің 168 еселенген мөлшері, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары (мүгедектігі бар, мүгедек балалары бар адамдар және т.б.) үшін күнтізбелік жылға АЕК-тің 882 еселенген мөлшері;
4) көпбалалы отбасылар үшін салықтық шегерім – күнтізбелік жылға айқындалған АЕК-тің 282 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде;
5) өзге де салықтық шегерімдер (бұдан әрі – өзге де шегерімдер), олар мыналарды қамтиды:
Бұл ретте өзге шегерімдерді жеке тұлға кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынған кезде ғана дербес қолдануға құқығы бар.
Салық агенті өзге де шегерімдерді жеке тұлғаның растайтын құжаттарсыз өтініші негізінде күнтізбелік жылға өзге де шегерімдердің жоспарланатын сомасы ретінде айқындалатын, АЕК-тің 282 еселенген мөлшерінен аспайтын өзге де шегерімдердің алдын ала сомасы түрінде ғана қолдануға құқылы. Тиісінше бұл АЕК-тің 282 еселенген мөлшерінен аспайтын салықтық шегерімдердің кез келген болжамды сомасы болуы мүмкін. Мысалы, егер жеке тұлғаның салықтық шегерімді қолдану құқығы тек ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша сыйақыға ғана қатысты болса, онда ол бұл жағдайда алдын ала салықтық шегерім ретінде 118 АЕК мөлшерін қолдана алады.
ҚР Парламенті қабылдаған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және Қазақстан Республикасының заңдарына оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында (бұдан әрі – Заң) мынадай өзгерістер көзделген.
Заңда жеке тұлға салық агентінде басқа да шегерімдердің алдын ала сомасын әрбір күнтізбелік ай үшін АЕК-тің 23,5 еселенген мөлшерінде не күнтізбелік ай үшін АЕК-тің 282 еселенген мөлшерінде қолдану сомасын күнтізбелік жыл шегінде салықтық шегерімдердің асып кету сомасын кейіннен келесі айларға ауыстыра отырып, дербес айқындауға құқылы екендігі көзделген. Осы орайда Заңның өтпелі ережелерінде салық агентінің жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініші бойынша күнтізбелік жыл шегінде 2025 жылдың кез келген күнтізбелік айынан бастап өзге де шегерімдердің алдын ала сомасын қолдануға құқылы екендігі көзделген.
Осыған байланысты салық агентіне өзге де шегерімдердің алдын ала сомасын қолдану туралы өтініш берген жеке тұлғалар 2025 жылға арналған кірістер мен мүлік туралы декларацияны 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін тапсыруға міндетті. Тиісінше жыл қорытындысы бойынша жеке тұлға ерікті зейнетақы жарналары, оқуға, медицинаға, ипотеканың сыйақылары бойынша салықтық шегерімдердің қолданылуын іс жүзінде растайтын барлық құжаттарды жинауға, оларды талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде сақтауға, кірістер мен мүлік туралы декларацияда тиісті құжаттармен расталған күнтізбелік жылға алынған барлық кірістерді және салықтық шегерімдердің іс жүзіндегі сомасын көрсетуге және бюджетке төлеуге не қайтаруға (есепке жатқызуға) жеке табыс салығының сомасын дербес есептеуге тиіс.
Көпбалалы отбасы үшін ай сайынғы салық шегерімінің шегін теңестіру мақсатында жылдық шегі 282 АЕК болатын көпбалалы отбасының әрбір немесе бір ата-анасы үшін заңда салық шегерімі көпбалалы отбасының бір ата-анасы үшін – әр ай үшін 23,5 еселенген АЕК мөлшерінде не көпбалалы отбасының әрбір ата-анасы үшін – әр ай үшін 11,75 еселенген АЕК мөлшерінде қолданылуы мүмкін деп көзделген.
Сондай-ақ Заңда жеке тұлғалар үшін нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша оның кірістерінен ұсталатын әлеуметтік аударымдарды төлеуге арналған жеке тұлғалардың шығыстары түрінде қосымша салық шегерімі көзделген.