🔰Астана мен Масқат қосарланған салықтан сақтандыратын келісімге қол қойды.
💠Астана халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев Оман Сұлтандығының Қаржы министрі Сұлтан бен Сәлім әл-Хабсимен кездесті.
Оның барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-транзит саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады, сонымен бірге мемлекеттік қаржыны басқару бағытындағы ведомствоаралық қатынастарды дамыту мен екіжақты әріптестік шеңберіндегі басқа да мәселелер туралы пікір алысты.
💠Мәди Төкешұлының айтуынша, Қазақстан Оман Сұлтандығымен өзара іс-қимылдың стратегиялық сипатын жоғары бағалайды және тиімді қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға дайын.
Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасында табыс пен капиталға салынатын салыққа байланысты қосарланған салықтан сақтандыратын, сондай-ақ салықтан жалтаруға жол бермеу туралы келісім мен осыған қатысты хаттамаға қол қойылды.
💠Аталған келісім салық ісінде заңнамалық негізді қалыптастыруға септесіп, кірістерге байланысты қосарланған салықтың алдын алып, осы арқылы екі мемлекеттің арасында тығыз экономикалық байланысты арттыруға жол ашады.
#ҚРҚММКК#КГДМФРК#САЛЫҚТАР#НАЛОГИ#кеден#таможня