‼️Салық төлеушілер үшін маңызды ақпарат‼️
САӘЖ ақпараттық жүйесіне көшу шеңберінде бақылау-касса машиналарын (БКМ) тіркеу, мәліметтерді өзгерту және есептен шығару бойынша фискалдык деректер операторларымен (ФДО) өзара іс-кимыл функциялары жаңа жүйеге ауыстырылды.
Бұл функция біріктірілген
салықтык ақпараттық жүйесінен (БСАЖ) шығарылып, келесі сегіз операторға қатысты тек СӘАЖ арқылы жүзеге асырылады:
✅”Казақтелеком” АҚ,
✅”Транстелеком” AҚ,
✅”Jusan Mobile” АҚ,
✅”КарТел” ЖШС,
✅”Кaspi Bank” AҚ,
✅”IT ANALYTICS” ЖШC,
✅”Smartcontract” ЖШС,
✅”Бухта” ЖШС.
Пилоттык жоба енгізілген сәттен бастап, БКМ-ды тіркеу, өзгерістер енгізу жэне есептен шығару бойынша барлық әрекеттер тек СӘАЖ жүйесі арқылы жүргізіледі.
Бұл ретте деректер БСАЖ жүйесімен синхрондалмайды, сондықтан салық төлеушілер тарапынан назар аударуды талап етеді.
‼️Осыған байланысты, ФДО арқылы БКМ есептен шығарылғаннан кейін, оны БСАЖ жүйесінен есептен шығару үшін салық, төлеуші БКМ тіркелген жердегі мемлекеттік кірістер баскармасына (МКБ) жүгінуі қажет!
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге БКМ есепке алу процестеріндегі өзгерістерді уақытылы ескеруді және қажет болған жағдайда тиісті аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасына түсініктеме алуға кеңес береді.