
Кездесу Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының алаңында өтіп, 2026 жылдың 8 айындағы бақылау қызметінің нәтижелеріне, заңнамадағы өзекті өзгерістерге, жиі кездесетін құқық бұзушылықтарға және олардың алдын алу шараларына арналды.
Іс-шараға мемлекеттік және бақылау-қадағалау органдарының, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері және бизнес-қоғамдастық қатысты.
🔹 Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің атынан Департамент басшысының орынбасары Рахимберды Р.К. сөз сөйледі. Өз сөзінде салықтық әкімшілендірудің өзекті мәселелері, бақылау жұмыстарының нәтижелері, әкімшілік практика, сондай-ақ салық заңнамасындағы өзгерістер қаралды.
💬 Кәсіпкерлер мемлекеттік органдардың өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарды тікелей қойып, нақты жағдайлар бойынша түсіндірмелер алды.
🤝 Мұндай кездесулер мемлекеттік органдар мен бизнес арасында ашық диалог орнатуға, проблемалық мәселелерді уақтылы анықтауға және оларды шешу жолдарын бірлесіп қарастыруға мүмкіндік береді.