Меню
Страницы

♟️ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «GOVERNMENT CHESS CUP 2026» ШАХМАТ ТУРНИРІ ӨТТІ 🏆

♟️ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «GOVERNMENT CHESS CUP 2026» ШАХМАТ ТУРНИРІ ӨТТІ 🏆

📅 Турнирдің іріктеу кезеңі 2026 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында өтті.

🎙️ Турнирдің ашылу салтанатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Ж. Сәрсен және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры С. Байбосынов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

🧠 Шахмат турнирі мемлекеттік қызметшілер арасында зияткерлік спортты дамыту, логикалық және стратегиялық ойлау қабілетін арттыру, сондай-ақ әріптестер арасындағы өзара ынтымақтастық пен командалық рухты нығайту мақсатында өткізілді.

♟️ Турнир барысында қатысушылар өздерінің шахмат шеберліктерін, тактикалық дайындығы мен стратегиялық ойлау қабілеттерін көрсетті.

🏆 Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері де турнирге белсенді қатысып, жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте І орынға ие болды! 🥇👏

🎖️ Турнир қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер Дипломдармен, Алғыс хаттармен және медальдармен марапатталды.

🎉 Әріптестерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерден көрініп, жаңа жеңістерге жете беріңіздер! ♟️🏆👏

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты