Меню
Страницы

📢 Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына!

📢 Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына!

2026 жылғы 12 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 14 мамырдағы №306 бұйрығы күшіне енеді. Аталған бұйрықпен мемлекеттік кірістер органдарына есептілік ұсыну және есеп жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізілді.

🔹 Негізгі өзгерістер:
✅ «ақпараттық жүйе» термині Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкес «цифрлық жүйе» терминімен ауыстырылды;
✅ статистикалық есептілік нысандарының титулдық беттері және оларды толтыру жөніндегі түсіндірмелер жаңартылды;
✅ есепке алу кітаптарын (журналдарын) және есептілікті сақтау мерзімдері белгіленді;
✅ заң техникасы талаптарына сәйкес редакциялық түзетулер енгізілді.

📌 Бұл ретте есепке алу кітаптарының, журналдарының және есептілік нысандарының мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілген жоқ.

⚠️ 2026 жылдың ІІ тоқсаны және І жартыжылдығы бойынша есептілік 2026 жылғы 12 шілдеге дейін қолданыста болған нысандар бойынша ұсынылуы тиіс.

📧 «Keden» цифрлық жүйесінде автоматтандыру жұмыстары аяқталғанға дейін есептілік Мемлекеттік кірістер департаменттерінің электрондық пошта жәшіктері арқылы қабылданады.

📝 Есептілікті жолдау кезінде:
* ілеспе хат қоса берілуі;
* тіркеу нөмірі мен күні көрсетілуі;
* орындаушының байланыс деректері жазылуы;
* хат тақырыбы мен файл атауы дұрыс рәсімделуі қажет.

📍 Қарағанды облысы бойынша МКД үшін есептілік келесі электрондық мекенжайға жолданады:
📧 dgd_karaganda@kgd.gov.kz.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері