
Департамент қызметкерлерінің білімі мен кәсіби дағдыларын арттыру мақсатында 2026 жылғы 25 маусымда Кедендік әкімшілендіру басқармасымен «Бизнестің зияткерлік егемендігі: Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау» тақырыбында техникалық оқыту өткізілді.
Оқыту барысында келесі мәселелер қаралды:
🔹 зияткерлік меншік құқықтарын қорғау;
🔹 зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру тәртібі;
🔹 тауар белгілерін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік.
Сонымен қатар қызметкерлерге қолданыстағы заңнама нормаларын тәжірибеде қолдану бойынша түсіндірмелер беріліп, туындаған сұрақтарға жауаптар ұсынылды.
📌 Осындай оқыту іс-шараларын өткізу қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға және заңнаманы біркелкі қолдануды қамтамасыз етуге ықпал етеді.