
Отырыста салық салу базасын кеңейту бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен өзге де уәкілетті органдардың атқарып жатқан жұмыстары, сондай-ақ Қарағанды облысында 2024–2026 жылдарға арналған «көлеңкелі» экономикаға қарсы іс-қимыл жоспарының орындалуы мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Азамат Сүлейменов, Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Елнар Уахитов, Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Еркебұлан Алғожин, сондай-ақ Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Әбішева баяндама жасады.
Жиынға мемлекеттік органдардың, департаменттер мен инспекциялардың өкілдері қатысты. Отырыс барысында салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру, бюджет кірісін ұлғайту және өңірдегі көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету бағытындағы жұмыстар талқыланды.